RU
"Абу-Даби Плаза" дауы: 400 адам бір күнде жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

"Абу-Даби Плаза" дауы: 400 адам бір күнде жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

Астанадағы Абу Дабидің құрылысына қатысты тағы дау шықты. Бұл жолы Елордадағы ең биік ғимаратты салып жатқан 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абу-Даби дауы: Скриншот КТК

Абу-Даби дауы: Скриншот КТК

Оларға құрылыс компанияы алдын-ала ескерту жасамаған. Және өтемақы төлемейтіндерін ашық айтқан көрінеді.

«Біздің арамызда өз құқықтарын білмейтін жігіттер көп. Соны пайдаланып, алдап отыр. Құрылысшыларды кезек-кезек шақырып, «Сіздерді жаңа құрам жасақтасақ, қайта шақырамыз»,- дейді», - деп болған оқиғаны баяндады Мұхтар Қалдыбек есімді құрылысшы.

Бір-бір үйді асырап жүрген азаматтар Еңбек кодексі бойынша өз құқықтарын талап етуге кірісті. Қазір олар прокуратура мен «Нұр-Отан» партиясына арыз жазып қойыпты.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
5
3
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel