RU

Анасы жеті жасынан бастап еркектерге сатқан қазақ әйелі жан сырымен бөлісті

Қазақ халқы қызына ерекше жағдай жасап, тәрбиесіне үлкен мән беріп өсіреді. Гаухарға да анасы жастайынан тәрбие берген. Бірақ өзгелер секілді емес. Ол анасының өзін жақсы көрмейтінін бала күнінен естіп өскенін NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

Педофилдік: Фото: Интернет
Педофиль. Көрнекі Фото: Интернет: UGC
«Біз ауылдық жерде өстік. Анам мені және екі бауырымды үш түрлі ер адамнан туған. Бізді қарап бағу үшін, әжем мен тәтеме апарып тастады. Әжеміз жиі ауырып қала беретін. Ал, анам жұмыс іздеп кетіп, жаңа күйеу тауып алатын. Біз де солай өмірге келгенбіз. Әрқайсымызды екі айдай емізіп, өз шешесіне тастап кетіп отырды. Жиі ішімдік ішетін ол балаларын кейде танымайтын үйлерге алып баратын»,- деп өткенін еске алды кейіпкер.

Қызының өзге еркектердің назарын аударатынын байқаған анасы Гаухарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісе бастаған. Ал ол уақытта Гаухар бар болғаны жеті жаста болыпты.

Педофилдік: Фото: Интернет
Педофилдік: Фото: Интернет: UGC
«Бірде үйге тәтемнің жігіті келді. Ол үйге үнемі келіп тұратын, кейде қонып кететін. Сол түні ол ішіп келді. Ал тәтем бірден ұйықтап қалды. Сосын әлгі адам маған жақындап келіп, шешіндіре бастады, бірақ тиіспеді. Таңертең ұйқыдан ояна сала, әжеме бәрін айтып бердім. Содан соң бұл оқиғаны анам естіді. Тәтем екеуі келіп, маған айқайлап, мені өтірік айтып тұр деп ойлады.

Осы оқиғадан соң, анам маған сүйісуді үйрете бастады. Екеуіміз ересектерге арналған фильмдер көретін болдық. Бірде үйге бөтен еркекті алып келді де, қолыма камера ұстатып, екеуінің қосылған сәтін видеоға түсіруді тапсырды.

Педофилдік: Фото: Интернет
Педофилдік: Фото: Интернет: UGC
Анам менің ойыншықтармен жыныстық қатынасқа түсіп, алты айлық сіңілімнің ернінен сүйгенімді қызық көрді. Егер олай жасамасам ұратынын, тамақсыз қалдыратынын ескертетін», - деген Гаухар анасының бұл әрекетін жақтамаса да, ақтап алғысы келді.

Анасы бір күні әжесін алдап, Гаухарды кешкісін алып кеткен. Ішімдік ішіп, темекі тартқан ер адамдар ортасына келіп, анасы қызын үй иесіне тастайды да, өзі солармен қосылып шығып кетеді. Ал, ол үйде қалған еркек Гаухарды шешіндіріп, сүйе бастайды.

«Мен шыңғырып жылай бастадым. Сол кезде үйге біреу келді. Анам екен. Ер адам мені тез киіндіріп, мультик қосып қойды. Олар ішуін жалғастырды. Содан соң ұйқыға жаттық. Анам теріс қарап жатқанда, әлгі залым менің ауызымды жауып, ойға алған ісін аяқтады.
Педофилдік: Фото: Интернет
Педофилдік: Фото: Интернет: UGC
Таңертең бәрін анама айтып бергеніммен, ол кісінің жәй ғана ойнағанын айтты. Ал кетерімізде, әлгі еркек анамның қалтасына ақша қыстырып жатты», - дейді ең сорақы күнді еске түсірген кейіпкер.

Гаухарды анасы ақша керек болғанда ғана ер адамдарға жіберіп отырған. Ал ұстаздарына қызы бәрін айтқысы келгенде, анасы мектепке келіп жақсы қырын көрсетіп отырған.

«Бұл менің сегіз жасыма дейін жалғасты. Сол жылы әжем аурудан көз жұмды. Ал анамды көлік қағып кетті. Мен жаңа-жылда жақсы отбасым болса деп тілеген едім, орындалды. Тәтем бізді баға алмағандықтан, бас тартты. Бауырларыммен бірге балалар үйінен бір-ақ шықтық. Бізді ешкім асырып алмағанымен, өкінбеймін»,- деген Гаухар бүгінде 35 жасқа толған.

Қалада үлкен мекемеде бас аспаз болып жұмыс жасайтын ол бала күнгі қорқыныштардан соң, жеке өмірін қалыптастыра алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715339-anasy-zeti-zasynan-bastap-erkekterge-satkan-kazak-jeli-zan-syrymen-blisti.html