RU

Төсек қатынасына түсу үшін қай уақыттың ыңғайлы екені анықталды

Сарапшылардың пікірінше, ерлер мен әйелдердің сексуалдық қалауының биоырғақтылығы тәулігіне екі рет сәйкес келеді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.
Фото интернет желіден алынды.: UGC

"Таңертеңгі жыныстық қатынас ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, денсаулыққа да пайдалы", - деп сендіреді сексологтар мен психотерапевт мамандар.

Сондай-ақ, сарапшылар таңертеңгі төсек қатынасының төмендегідей негізгі артықшылықтарын атады:

Таңертеңгі гимнастиканы секспен ауыстыруға болады. Секс кезінде дене мүшелерінің барлық бұлшықеттері жұмыс істейді.
Бұл барлық ішкі органдар үшін тамаша массаж және барлық дене мүшелері үшін таптырмас жаттығу болып табылады. Қан айналымын жақсартады, тыныс алу белсендіріледі, мұның қан тамырларға да пайдасы аса зор. Бұл жүрек ауруын екі есеге дейін төмендетеді және қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Таңертең жыныстық қатынасқа түскен адамдар депрессияға сирек ұшырайды.
Гормондық плюс. Ерлердің қанындағы тестостердің максималды концентрациясы таңертең 7: 00-ден 8: 00-ге дейін жетеді.

Сонымен қатар, ғалымдардың мәліметіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің жыныстық құштарлығы күніне екі рет – таңғы сегізде және кешке сегізде пайда болады. Осы сағаттарда ерлер мен әйелдер жыныстық қатынасының сызықтары бір мезгілде максималды деңгейге жетеді.

Таңертеңгі мезгілде жыныстық қатынаста болған жұптар күні бойы өздерін өзге әріптестерінен гөрі әлдеқайда жайлы сезінеді.

Секс көңіл-күйді көтереді және тәулік бойы жағымды естеліктер қалдырады. Сондықтан мұндай жыныстың қатынас – сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтерудің ең жақсы тәсілі.

Айта кету керек, бұған дейін де ғалымдар төсек қатынасының қартаю үдерісіне әсер ететінін дәлелдеген. Мұндай қорытындыны Бразилияның Rio Grande do Sul университетінің ғалымдары қорытынды жасады. Сонымен қатар, Ұлыбританияның зерттеушілері ұйқы мен оянудың және төсек қатынасына түсудің ең оңтайлы уақытын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715355-tsek-katynasyna-tsu-sin-kaj-uakytty-ygajly-ekeni-anyktaldy.html