RU

Британдықтар сарайда тұратын еріншек мысықты диетаға отырғызды

Британияның Доунинг көшесіндегі премьерлердің резиденциясында қызмет ететін Ларри атты мысықтың тым семіріп, жалқауланғаны соншалық тышқан ұстауды қойды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.
Фото интернет желіден алынды.: UGC

Ларридің негізгі «жұмысы» тышқан аулау болғанымен, оның бұл міндетін бүгінде арнайы қызметтің орындауына тура келген.

2017 жылы резиденция өкілдері кеміргіштермен күресушілер қызметіне 40 рет жүгінген. Сол себепті жалқау мысықты арнайы диетаға отырғызуға шешім қабылданды.

Ларри Лондон үй жануарлары баспанасынан Доунинг көшесіне 2011 жылы келді. Үкімет басшысының резиденциясы ескі ғимаратта орналасқандықтан, тышқандар мен егеуқұйрықтар мұндағы басты мәселе болып табылады.

Бұл елде дәстүр бойынша, мысықтар резиденцияның тұрақты тұрғындары саналады.

Бүгінде резиденцияның бас тышқан аулаушысы ретінде Ларри - әлемдегі ең танымал мысықтардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, Ларри – Ұлыбританиядағы жалғыз семіз және жалқау мысық емес. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері Палмерстонның тұрақты мысықтарын тамақтандырмауды ұсынды, себебі олар да тышқан ауламайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715363-britandyktar-sarajda-tratyn-erinsek-mysykty-dietaga-otyrgyzdy.html