RU

Қақаған аязда балаларды шешіндіріп, су құйғандар елді шошытты

Instagram желісінде қақаған аязда кішкентай балаларды шешіндіріп, далада үстіне су құйған видео тарап, елді шошытты деп жазады NUR.KZ порталы.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Видеода аппақ қардың үстінде жалаңаштанған екі бірдей кішкентай балаға ересектер шелекпен су құйып жатыр.

Автордың айтуынша, бейнежазба 28 қаңтар күні түсірілген екен.

Қақаған аязда суға шайынған балалар жаурағанынан айқайлап жатыр.

Ал өзі қымтанып киініп алған азамат оған мән берместен, жұмысын жалғастыруда.

Желі қолданушылары суықта киімсіз жүрген балаларға аяушылық білдірді. Оларға су құйған ересектер әрекетін "қатыгездік" деп бағалаған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715390-kakagan-aazda-balalardy-sesindirip-su-kjgandar-eldi-sosytty.html