Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттен шығып, күллі елге танымал болған жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Сахна төрінде жүрген өнер иелері арасында Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумалары көп деп жиі айтылады. Осы орайда, NUR.KZ порталы Шымкенттен шыққан жұлдыздар тізімін назарларыңызға ұсынады.

Шымкенттік жұлдыздар. Фото: Nur.kz
Шымкенттік жұлдыздар. Фото: Nur.kz: UGC
Қайрат Нұртас – Оңтүстік Қазақстанның Түркістан қаласында дүниеге келген. Әр әні тыңдарман жүрегінен орын алатын, хитмен әншінің бүгінде жары Жұлдыз да өнерге қадам басты. Қайрат пен Жұлдыз бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.
Қайрат Нұртас. Фото: Интернет
Қайрат Нұртас. Фото: Интернет: UGC
Сәкен Майғазиев - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. «Музарт» тобының әншісі. Бүгінде жары Динарамен үш баланың ата-анасы.
Қайрат Түнтеков – Шымкент қаласының тумасы. Ол 2005 жылы «Superstar» жобасынан жұлделі орын алып, халыққа танылған болатын. Өмірінде болған келеңсіз оқиғадан соң, қазақстандық «I am a singer» жобасының жүлдегері атанды. Жұлдызы қайта жанған әнші жақын арада халыққа жеке концертін өткізеді.
Тунтеков: Фото: Интернет
Тунтеков: Фото: Интернет: UGC
Заттыбек – «Ақ Маржан» әнімен танылған әнші Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Әндерінің барлығы дерлік «хитке» айналатын той әншісінің бүгінде сүйікті жары және бір қызы бар.
Заттыбек. Фото: Интернет
Заттыбек. Фото: Интернет: UGC
Алтынай Жорабаева – Бейнеткеш ауылында өмірге келген Алтынайды бүгінде ел таниды. Тіпті президентіміздің өзі қолын алып, тілегін айтты. Алтынай - төрт қыз тәрбиелеп отырған ана.
Жорабаева. Фото: Интернет
Жорабаева. Фото: Интернет: UGC
Жігіттер квартеті – 2003 жылы Шымкенттік жігіттер құрған топ. «Жігіттер» квартеті төрт жігіттен тұрады. Олар: Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Айдар Байжанов, Мырзахан Маханов. Биыл топ өздерінің 15 жылдығын атап өтті.
"Жігіттер" тобы. Фото. Интернет
"Жігіттер" тобы. Фото. Интернет: UGC
Айдай Исаева – «Қазақстан аруы – 2013» атағын жеңіп алған шымкенттік ару. Ол 2015 жылы Мақсат Мамытханға тұрмысқа шықты. Бейнебаяндарға түсумен және сәнгерлік бизнеспен айналысатын Айдай бір баланың анасы.
Исаева. Фото: Интернет
Исаева. Фото: Интернет: UGC
Әбдіжаппар Әлқожа – Роза Әлқожаның кенже інісі бүгінде әндерімен жастардың көңілінен орын тапқан. Оның «Тәтті ару», «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек» әндері «хитке» айналып үлгерді. Ал әнші жеке өмірін құпия ұстайды.
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Интернет
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Интернет: UGC
Нұржан Төлендиев – «Тука» есімімен танымал Шымкент өңірінің тумасы. «Шаншар» театры арқылы аты шығып, елді күлкіге қарық қылатын актер алты баланың әкесі.
Ләйлә Сұлтанқызы – белгілі тележүргізуші де Шымкент өңірінде дүниеге келген. «Әйел бақыты» , «The эфир» бағдарламаларымен танымалдылыққа қол жеткізген Сұлтанқызының «Екінші кітабым», «Әйел» атты кітаптары да жарық көріп үлгерді.
Сұлтанқызы. Фото: Интернет
Сұлтанқызы. Фото: Интернет: UGC

Айта кетейік, бұл оңтүстіктен шыққан өнер иелерінің бір бөлігі ғана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715405-symkentten-sygyp-klli-elge-tanymal-bolgan-zldyzdar-kimder/

pixel