RU
Қайрат Нұртастың әкесі қазақша сөйлей алмайтын келіні үшін елден кешірім сұрады

Қайрат Нұртастың әкесі қазақша сөйлей алмайтын келіні үшін елден кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Айдарбековтер әулетінің екінші келіні Айгерім Сәркенова желідегі парақшасында қазақ тілін үйреніп жүргенін жазды. Сондай-ақ ол көпшілік тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram

Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram

"Мен Астанада туылғанмын, 23 жыл бойы осында өмір сүріп келемін. Бойымда ағып жатқан қазақтың қаны. Руым - арғын. Мамандығым –аудитор болғанымен, ол салада жұмыс істеген емеспін. Оқумен қатар әрдайым жазғы демалыста жұмыс істеуге тырысатынмын, сондықтан қаржылай жағынан тәуелсізбін.
Дебат, шешендік өнерімен айналысып, көшбасшылық пен кәсіпкерлік, келіссөз жүргізуге қатысты барлық мүмкін деген тренингтер мен семинарларға барғанмын. Мен махаббат мен сыйластық, түсіністік бар отбасында өстім",- деп жазды Айгерім.

Сондай-ақ, ол өзінің ата-анасының өмірі өзіне үлгі болғанын айтты.

"Ата-анамның жұбайлық өмірі әрдайым маған үлгі болды. Бірақ білесіздер ме, бұл өмірде менің екі есе жолым болды, себебі дәл сондай тағы бір ата-анаға ие болдым. Көпшілігіне менің күйеуімнің немен айналысатыны қызық, бірақ қысқаша жауап берсем, ол – кәсіпкерлікпен айналысады",- деді.

Айгерім өзінің қазақ тілінде еркін сөйлей алмайтынын, бірақ сөйлеуді үйреніп жүргенін айтты.

"Қазақша сөйлей аламын ба? Үйде сөйлеймін, көпшілік ортада қысыламын. Қанша көңіл мұңайтарлық болса да, мен әзірше қазақша үйреніп жүрмін. Болашақта міндетті түрде үйреніп аламын",-деді ол.

Келінінің жазбасын оқыған қайын атасы көпшіліктен оны қатаң сөкпеуді сұрап, пікір білдірген.

"Құрметті ағайындар! Менің кызым сіздерге ойын дұрыс жеткізе алмапты. Ренжімеңіздер, ол қазақша сөйлейді, тек кішкене келмей қалатын жерлері бар. Соны сіздерге айтып жеткізе алмады, айыпқа бұйырмаңыздар! Алла жазса талпынысы өте жоғары. Оу құлыным-ау сол!",- деп жазды ол жазба астына.

Айта кететіні, Айгерім - Қайрат Нұртастың інісі Аян Нұртастың жары.

Сіздің реакцияңыз
29
8
16
3
20
94
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel