RU
Белгісіз жігітпен құшақтасып тұрған Алтынай көпшіліктің қызу талқысына түсті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгісіз жігітпен құшақтасып тұрған Алтынай көпшіліктің қызу талқысына түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде Алтынай Жорабаеваның белгісіз ер адаммен құшақтасып тұрған суретін көрген тыңдармандары әншіні сөгіп тастады. Олар суреттегі ер адамды Алтынайдың сүйіктісі деп қабылдаған.

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

Аталған суретті Мәнсия есімді желі қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Суреттерден Алтынайдың жанындағы ер адамның парақша иесінің жақыны екенін аңғаруға болады.

Мән-жайға қарамай сыни пікірді қарша боратқан хейтерлардың пікірі екіге бөлінді.

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

"Оғаш сурет екен", "Күйеуі басқа адаммен бас қосқанда, Алтынай неге өзге еркектің құшағында тұрып суретке түспейді? Ол бақытты болуға лайық!", "Ажырасқалы бері құлпырып кеттіңіз. Сізді тырп еткізбей отырған күйеуіңіз екен ғой", "Төрт баламен байға тиіп, құтырған", "Мына еркек сізге жар болмайды, тағы да сорыңыз қайнамасын", "Сәбиттен жас көрінеді екен. Бақытты болыңыздар!",- деп жазған желі қолданушылары.

Ал екінші тарап болса әншінің бақытқа лайық екенін жазған. Ал суреттегі жан Алтынайдың құрбысының жары деген.

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

Алтынай Жорабаева. Фото: Instagram

"Бақытты болуға лайық!", "Бұл Алтындайдың жездесі, ауыздарыңа келгенді айтпаңдар", "Туысы шығар, неге сонша сөз таластырып кеттіңіздер", "Мүмкін жарнама үшін жасаған болар, дұрыс түсінейік", -деген оқырмандар.

Еске салсақ, әнші көңілі қалаған жан кездессе, екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
39
10
9
6
20
94
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel