RU

Сүйіктісімен сөзге келген қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетті (видео)

Жігітіне ренжіген қыз асқан жылдамдықпен зулап келе жатқан көліктен секіріп кетті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.
Фото интернет желіден алынды.: UGC

Ерекше видеоны Тайнань қаласы маңындағы Тайвань көлік қозғалысы мүшелері түсірген.

Сүйіктісіне ашуланған қыз 96 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіріп кетеді. Нәтижесінде эмоционалды жолаушы жеңіл жарақат алған.

«Daily Mail» агентігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін бейнебақылау авторы полиция шақырады, алайда оқиғаға полиция өкілдерінің араласуы талап етілмеді. Өйткені қыздың аяқтары ғана көгеріп қалған.

Орын алған жағдай жазатайым оқиға ретінде танылып, қатысушылар ешқандай жазаға тартылмайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715468-sjiktisimen-szge-kelgen-kyz-zrip-kele-zatkan-klikten-sekirip-ketti-video.html