RU

Астанада телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам баласын жоғалтып алған

Астанада ер адам телефонмен сөйлесіп тұрып, баласынан жоғалтып алған, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жоғалған балақайды тауып берген Ұлттық ұлан жауынгерлері
Жоғалған балақайды тауып берген Ұлттық ұлан жауынгерлері: UGC

Оқиға кеше кешкі уақытта болған. Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған бүлдіршінді тауып, ата-анасымен қауыштырды.

Сержант Бақдәулет Маханбетов бастаған, құрамында патрульшілер сержант Азамат Нұрманов, ефрейтор Абай Есенбеков бар әскери жасақ «ЭКСПО» аумағында қызмет атқару барысында жылап тұрған баланы байқайды.

Жасы төрттер шамасындағы бүлдіршін жауынгерлер қойған сұрақтарға тіл қатып, ештеңе айта алмайды. Жедел әрекетке көшкен топ баланың туған-туысқандарын іздеуге кіріседі.

Көп ұзамай адасқан баланың әкесі табылған. Белгілі болғандай, ер адам телефонмен сөйлесіп тұрғанда баланы көзден таса қылып алған. Баласын іздегенімен, таба алмаған. Ұландықтар әке мен баланы табыстырып, алғысқа бөленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715509-astanada-telefonmen-sjlesip-trgan-er-adam-balasyn-zogaltyp-algan.html