RU

Төртбұрышты төс: Ота жасатқан қыздың омырау пішіні өзгеріп кетті

Ресейлік бьюти-блогер Юлия Деббагх омырауына пластикалық ота жасаған клиниканы сотқа бермекші. Оның мұндай қадамға баруына омырау пішінінің өзгеріп кеткені себеп болған деп жазады НТВ арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төртбұрышты төс: Ота жасатқан қыздың омырау пішіні өзгеріп кетті
Төртбұрышты төс: Ота жасатқан қыздың омырау пішіні өзгеріп кетті: UGC

Юлия 2005 жылы омырауын үлкейту үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда, арада бірнеше жыл өткен соң бойжеткеннің сол жақ төсінің пішіні өзгеріп, төртбұрыштанып кетіпті.

"Мен төсім тап осылай болып кететіндей бала да туғам жоқ. Шамадан тыс семіріп те, арықтап та кетпедім. Ендеше, төсімнің пішіні өзгергеніне дәрігерлер кінәлі", - дейді блогер.

Юлия Деббагх арада 13 жыл өткен соң аталған клиниканы сотқа бермекші. Ол өзін пластикалық ота мен косметологияның құрбаны деп атап, ақшалай шығын өндірмекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715530-trtbrysty-ts-ota-zasatkan-kyzdy-omyrau-pisini-zgerip-ketti.html