Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да малға қырғидай тиіп жатқан қасқылар жұртты шошытып отыр

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында түз тағылары малға қырғидай тиіп жатыр деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mir-znaniy.com
Көрнекі фото: mir-znaniy.com: UGC

Мәселен, Зайсан өңірінде жыртқыштар 53 сиырды, 130 жылқы мен 205 қойды жарып тастаған. Мамандардың айтуынша, қасқырларда күйлеу кезеңі басталған. Сондықтан, олар елді-мекендерге жақындап, қорек іздейді.

Алайда мәселе мұнымен шектелмейді. Қар аз түскендіктен, биыл жыртқыш мекендейтін жерлерге арнайы техникамен жету де мүмкін болмай тұр. Сонымен қоса, басқармадағылар хайуандарды жою бойынша тендердің әлі өткізілмегендігін айтты.

Сондай-ақ, былтырғы жылмен салыстырғанда, қасқырлардың популяциясы айтарлықтай артқан. Мәселен, 2016 жылы - 948 болса, 2017-дегі көрсеткіш 1600-ге жетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715548-sko-da-malga-kyrgidaj-tiip-zatkan-kaskylar-zrtty-sosytyp-otyr/

pixel