RU

Сапарбаев орынбасарына: Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың

"Ақтөбе-Атырау" тасжолын салуда жергілікті құрылыс материалын пайдаланып, дайындықты күшейтуді қадағалаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарларына ұйықтамай жұмыс істеуді тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған жиын болды. Жиын кезінде өңір басшысы өз орынбасары Серік Төленбергеновтің жұмысын сынады.

"Халықаралық әуежайы бар Ақтөбеде шетелге ұшатын екі ғана әуе рейсі бар. "Жұмыс көп, ал сен отырсың "ұйықтап". Әзірге ештеңе жасап жатқан жоқсың. Ұйықтасаң, ұйықтайтын жерге барасың", - деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, кеше Сапарбаев қоластындағы шенділердің мен мектеп директорларының жұмысын сынға алып, өзін "хан" сияқты сезінетін әкімдерді орнына қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715577-saparbaev-orynbasaryna-jyktasa-jyktajtyn-zerge-barasy.html