RU

Жанар Айжанова 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Айжанова. Фото: Instagram
Жанар Айжанова. Фото: Instagram: UGC
Бұл күні туған күн иесін құттықтап, өнер саласының майталмандары жиналды. Әнші болса, кеш барысында жұбайымен вальс билеп, өнер иелері өз естеліктерімен бөлісіп, әннен шашу шашты.

Ерекше шляпасымен көзге түскен Мақпал Жүнісова ән салды.

Сондай-ақ қуанышқа Роза Рымбаева, “Музарт” тобы, Мирас пен Құралай, Асхат Тарғын, Гүлнұр Оразымбетова, Гүлмира Ақүрпекова және тағы да басқа өнер иелері ортақтасты.

Жанар Айжанова. Фото:Instagram
Жанар Айжанова. Фото:Instagram: UGC

Жазира Байырбекова бала күнінде туған күн иесіне қатты еліктегенін, тіпті сол уақытта сахнада Жанар Айжанова десе өзінің мәз болып шығатынын айтты. Өзге эстрада жұлдыздары әншіге жылы лебіздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715580-zanar-ajzanova-50-zaska-tolgan-merejtojyn-drkiretip-atap-tti-foto-video.html