Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жалғызбасты әке қос бірдей баласымен аядай тар үйді паналауға мәжбүр

Опубликовано:

Елордалық Қайрат Әубәкіров қос бірдей баласымен қақаған қыста екі бөлмелі аядай тар үйді паналауға мәжбүр болып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Астанада жалғызбасты әке қос бірдей баласымен аядай тар үйді паналауға мәжбүр
Астанада жалғызбасты әке қос бірдей баласымен аядай тар үйді паналауға мәжбүр: UGC

48 жастағы Қайрат Әубәкіровтың жұбайы осыдан екі жыл бұрын дүниеден озған. Екі баласымен жалғыз қалған әке, қала шетіндегі тар үйді жалға алып отыр.

«Үй емес времянка ғой, айына 22 мың теңге төлеймін, оған ай сайын жарыққа кететін 3 мың теңгедей қаражатты қосыңыз. Сонда, осы аядай екі бөлме үшін, айына 25 мың теңгедей төлеп отырмын. Екі ұлым бар, үлкені 7-де, кішісі - 5-те. Үлкен ұлым биыл мектепке барды, сабағы жақсы, 4 пен 5-ке оқиды. Балаларға алатын 35 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы не анда, не мында жетпейді. Енді, Алланың бергені, әупірімдеп жүріп күнімізді көріп жатырмыз», - дейді астаналық тұрғын.

Сонымен бірге, азамат, балаларын ешкімге тастай алмайтындықтан, тұрақты жұмысы жоқ екенін атап өтті.

Астанада жалғызбасты әке қос бірдей баласымен аядай тар үйді паналауға мәжбүр
Астанада жалғызбасты әке қос бірдей баласымен аядай тар үйді паналауға мәжбүр: UGC
«Мен жұмысқа шықсам, кішкентай балаларым не болады? Туыстарым бар, әркімнің өз отбасы, өз балалары бар дегендей. Отынға қажет көмірімді де, басқасын да алармын, тек мына баспана мәселесін шешілсе екен деген тілегім бар. Үйдің кезегінде тұрмыз, бірақ оны өзіңіз білесіз, кезекте жылдап тұрып жатады. Әкімдік тым құрыса, бір бөлмелі пәтер берсе деп айтқым келеді»,-деп сөзін түйіндеді елорда тұрғыны.

Қайрат Әубәкіровке баспана мәселесін шешуге көмектесемін деушілер, келесі телефон номеріне хабарласа алады: 8 701 648 67 91

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715595-astanada-zalgyzbasty-ke-kos-birdej-balasymen-aadaj-tar-jdi-panalauga-mzbr/

pixel