RU

Атам десең атыңдар: Шымкент әкімі өзін сөккен тұрғынға жауап берді (видео)

Шымкент әкімінің есебіне келген тұрғын Сауранбаевты қазақ тілін менсінбедің деп сөгіп тастады, деп xабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Сауранбаев. Фото: Otyrar.kz
Нұрлан Сауранбаев. Фото: Otyrar.kz: UGC

Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанына 100 күн де толмаған Нұрлан Сауранбаев қала тұрғындарымен есепті кездесуін өткізіп жатыр. Өткен жылы қалада атқарылған жұмыстарды баяндаған Сауранбаевқа сұрақ қойған тұрғындардың бірі Шымкент басшысын мемлекеттік тілді менсінбедің деп сұрақтың астына алды.

Қала әкімі бұған өз жауабын беріп, тұрғынды бірге жұмыс істеуге шақырды.

"Қайрат деген атым бар, қазақ деген затым бар, еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!". Ендеше Расул Гамзатовтың сөзі бар "егер менің тілім ертең жойылатын болса, мен бүгін өлуге даярмын" деген. Бұл жерде мен сізге көмекші боламын аға. Бірге жұмыс істейік", - дейді Сауранбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Шымкентке қарасты аудандардың бірінің басшысы xалықпен кездесіп, тек мемлекеттік тілде баяндама жасаған болатын. Кейін тұрғындардың бірі неге орыс тілінде баяндама жасамады деп шу шығарған еді.

Сол сәтте Нұрлан Сауранбаев қол астындағы қызметкеріне көпшіліктің талабы қанағаттандырылуы қажет деген мағынада ескерту жасады.

Тек Шымкент әкімі бұл ойын қазақ және орыс тілдерінде араластырып жеткіземін деп көпшілік сынының астында қалды. Тіпті Қазнет жұлдызына айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715625-atam-dese-atydar-symkent-kimi-zin-skken-trgynga-zauap-berdi-video.html