RU

60 жастағы ақсақал жастарды бәсекеге шақырды (видео)

Ақтау қаласының тұрғыны Жексен Аюпов жерлестерін гимнастикалық роликтегі спорттық жаттығуды орындаудан жарысқа түсуге шақырды деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жексен Аюпов. Фото: lada.kz
Жексен Аюпов. Фото: lada.kz: UGC

60 жастағы ақтаулық азамат спортпен бала кезінен бастап шұғылданады: күрес, жеңіл атлетикамен айналысады және соңғы 10 жылда Жексен Аюпов күн сайын үш-төрт шақырым жүгіреді. Сондай-ақ, бес тәсіл арқылы күніне 30 рет турникке тартылады. Суық душ қабылдайды.

Спортпен әбден шыныққан ер адам өзіне тіпті оятқыштың да қажет емес екенін айтады. Ағзасы сергек азамат таңғы алтыда өзі-ақ оянады екен.

Ер адамның айтуынша, ол барлық жаттығуларды екі сағаттың айналасында жасайды және әр суық душ қабылдаған сайын қайта туылғандай күй кешетін көрінеді.

Жағымсыз әдеттерге әуестігі жоқ спортшы отбасымен бірге тұрады. Өмір бойы жүргізуші болып істеген азаматтың бүгінде жеке дүкені бар.

Бейнеролик арқылы танымал болған ер адам жастардың спортқа деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, өзіне лайықты қарсылас іздейтінін де жасырмайды.

Жексен Аюповтың ақтаулықтар бейнероликтегі жаттығуды жасай алар ма екен деген қызығушылығы да жоқ емес. Оның айтуынша, спорт алаңдарында штанг, гантель тұрғанда ешкім мұндаймен айналыспайды.

Күн сайын Жексен Аюпов дүкенінің жанына 5 мың теңге тастайды.

«Егер сіз ақша алғыңыз келсе, алдымен бейнероликтегі жаттығуды 10 рет жасаңыз», - деген талап қояды Ақтау тұрғыны.

Аюповтың сөзіне қарағанда, әзірге ешкім шықпаған: бірінші қоңыраудан кейін барлық адамдар құлапты.

«Мен Ақтау тұрғындарын бейнедегі жаттығуды жасауда менімен бәсекелесуге шақырамын. Сіз кез-келген соманы таңдай аласыз, бірақ менің ойымша, ешкім 50 мың теңгеден жоғары қоя болмайды. Қаласаңыз, қоңырау шалыңыз, мен тек қуаныштымын », - дейді Жексен Аюпов.

Жексен Аюповтың телефоны: 8 705 989 29 02.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715643-60-zastagy-aksakal-zastardy-bsekege-sakyrdy-video.html