RU

Өзбекстанда ерлі-зайыптылар ажырасу үшін ақша төлейтін болды

Өзбекстан Республикасы парламенті «Жанұя және неке» заңнамасы мен «Әйелдерді қолдау және жанұялық институтты бекемдеу бойынша кешенді шаралар бағдарламасына» бірқатар өзгерістер енгізбек деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.
Фото интернет желіден алынды.: UGC

Жаңа заңнамаға сәйкес өзбек халқында ажырасуға арыз берген адам некеден бас тартуы үшін зайыбына ақша төлеуі тиіс.

Ал төленетін ақшаның мөлшері сот арқылы анықталатын болады.

Сонымен қатар, неке қияр алдында АХАЖ бөліміне өтініш білдірген жұптың ойлануына берілетін уақыт та ұзартылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715657-zbekstanda-erli-zajyptylar-azyrasu-sin-aksa-tlejtin-boldy.html