RU

12 жастағы қыздың асқазанынан үш келідей сағыз аралас шаш шықты (фото)

Түркияның Конья қаласында тұратын 12 жастағы Неслихан Каракочтың асқазанын дәрігерлер үш келі болатын шаш алған деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

12 жастағы қыздың асқазанынан үш келідей сағыз аралас шаш шықты (фото)
12 жастағы қыздың асқазанынан үш келідей сағыз аралас шаш шықты (фото): UGC

Жасөспірім үш жыл бойы ішінің ауыратынын айтып шағымданған. Алайда, соңғы кезде қыздың ауруы асқынып, ата-анасы оны дәрігерге апаруға тура келіпті.

Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды. Томография түсіріліп, кейін балақайға операция жасалады.

Оның асқазанынан 2 келі 800 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан. Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған.

Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.

«Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу - ол ауру. Оны медицинада трихотилломания деп атайды», – дейді Бюлент Эреноглу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715774-12-zastagy-kyzdy-askazanynan-s-kelidej-sagyz-aralas-sas-sykty-foto.html