RU
СҚО шенеуніктері ел бюджетінің 104 млн теңгесін оңды-солды желге шашқан
Жаңалықтар Финансы

СҚО шенеуніктері ел бюджетінің 104 млн теңгесін оңды-солды желге шашқан

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қызметкерлері жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерге 15 қызметтік көлік пен 1 пәтер сыйлаған. Жалпы жұмсалған қаржы 104 миллион теңгені құрайды деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

СҚО. Фото: Интернет

СҚО. Фото: Интернет

Сол көліктердің бірін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мініп жүр.

Бұл туралы тексеріс комиссиясының мүшелері мәлімдеп отыр.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, олар 21 млрд 600 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылығын анықтаған.

«Облыстық сот әкімшілігіне 3 автокөлік, Мемлекеттік кірістер департаментіне 5 автокөлік, облыстық прокуратураға 1 пәтер мен 2 автокөлік, сосын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына 4 автокөлік, және Мемлекеттік қызмет департаментіне 1 автокөлік сыйлады деп айтуға болады», - облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Амандық Сейфуллин.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel