Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа: Күйеуімнен сөз естісем де, өз қалауымды жасаймын

Опубликовано:

«Сен байдың қызы емессің, байдың келіншегі де емессің, сахнаға қалай шығасың?» деген адамдардың сөзінен соң Роза Әлқожа қалайда өнер ордасына енемін деп өзіне уәде бергенін айтты деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Әлқожа. Фото: Интернет
Роза Әлқожа. Фото: Интернет: UGC

Өмірде ақкөңілділігі мен қарапайымдылығын сақтаған әнші, осы мінезінен біраз қиыншылық та көріпті.

«Роза, тойыма келіп ән салып берші» деген адам болса, мен ақысына қарамай-ақ, кейде тегін ән салып беремін. Ешкімнің бетін қайтарғым келмейді. Бес баламды ертіп алып, тойға барған күндер де болды. Кейде осыным үшін күйеуімнен де сөз естимін. Бірақ, өмірде жаным қаламаған нәрсені жасасам, өзгеге қолым бармайды», - деді әнші.
Роза Әлқожа отбасымен. Фото: Интернет
Роза Әлқожа отбасымен. Фото: Интернет: UGC

Сондай-ақ, әнші тұрмыста көрген қиындығын да айтып кетті.

«Сананы тұрмыс билейді деген рас екен. Бұрын өзіміз жер алып соққан үш бөлмелі үйіміз болды. Үйімізден қонақ үзілмейтін. Барлық туыстың студент баласы біздің үйде. Кейде келген қонақтар «Аты дардай, үйінің жағдайы мынау» деп күліп кететін. Осындайда қатты қынжылатынмын. Қазір шүкір, бәрі жақсы. Жол апатынан соң, мұның барлығы тек уақытша екенін түсіндім», - деп әнші өткенін еске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715836-roza-lkoza-kjeuimnen-sz-estisem-de-z-kalauymdy-zasajmyn/

pixel