Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің олигархтарын аузына қаратқан қазақстандық нумеролог туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Оған Ресей мен Қазақстанның олигархтары, шоу-бизнес жұлдыздары, ұлы саясаткерлер кеңес пен көмек сұрай хабарласады. Жуырда Мәскеуден Алматыға келген танымал нумеролог Клара Күзденбаева NUR.KZ порталына эксклюзивті сұқбат беріп, өз өмірі туралы айтып берді.

Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото)
Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото): UGC

Клараның екі мамандығы бар. Бірі - психолог, екіншісі - экономист. Солай бола тұрса да, оның нумерологияда жолы болды. Мәселен, сандардың көмегімен болжам жасайтын Клара осы кәсібі арқылы көптеген жетістіктерге жеткенін айтады.

Бір қызығы, бүгінде ресейлік танымал тұлғаларды аузына қаратып отырған Клараның әжесі қазақтың қарапайым құмалақшысы болған екен. Ол түс жорып, көріпкелдік қасиетке ие болған, дейді Клара.

Клара Күзденбаева. Фото: NUR.KZ
Клара Күзденбаева ұлы Русланмен. Фото: Жеке мұрағаттан: UGC
"Менің көріпкелдікке еш қатысым жоқ. Мен көбінесе сандарға назар аударамын. Бұл таза математика, яғни ешқандай мистика жоқ бұл жерде", - дейді нумеролог.

Мәскеуде ТМД елдеріндегі ең танымал тұлғаларға болжам жасайтын ол көптеген кісінің жұлдызын жаққанын айтады.

Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото)
Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото): UGC

Мәселен "Столица" телеарнасының жүргізушісі Алексей Шапошниковқа ол саясатқа бет бұру туралы кеңес берген. Оның дәл осы кеңесі арқылы тележүргізуші бүгінде Мәскеу қалалық думасының төрағасы қызметінде отыр.

Ресейде танылған нумеролог тіпті Константин Циолковский туралы кинокартинаға да түскен. Алайда оның туған жеріндегі танымалдылығы кеш келді.

Клара Күзденбаева. Фото: Жеке мұрағаттан
Клара Күзденбаева. Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

"Биыл Нұрсұлтан Назарбаев үшін жақсы жыл. Алдағы 2-3 жылда ел дами түседі", - дейді ол.

Бір қызығы, Клара өзінің күйеуі мен баласын да өз кәсібіне үйретіп қойған. Оның күйеуі Владимир Кузнецов өзінен кем емес маманға айналған.

Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото)
Ресейдің олигархтары мен жұлдыздарын аузына қаратқан Клара Күзденбаева өз өмірі туралы айтып берді (фото): UGC
"Мен әр адамның өмірлік бағдарламасын есептеп бере аламын. Мұны білу керек. Әр адамның өмірінде көтерілетін және құлдилайтын сәттері болады. Мәселен, мұндай кездері оның өмірінде түрлі қауіп-қатер болуы мүмкін. Дәл осындай кезеңдерде түрлі жол апаттары мен қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Әр адам өз өмірінің бағдарламасын білсе, ол өз тағдырын жөндей алады", - деп мәлімдеді Клара.
Клара Күзденбаева. Фото: Жеке мұрағаттан
Клара Күзденбаева. Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Клараның жалғыз ұлы Руслан бүгінде анасының ізін басқан. Ол Астанада тұрады. Нумерология бойынша кеңес беріп, болжамдар жасаумен айналысады.

Клара Күзденбаева ұлы Русланмен. Фото: Жеке мұрағаттан
Клара Күзденбаева ұлы Русланмен. Фото: Жеке мұрағаттан: UGC

Еске салсақ, Клара Күзденбаева психология саласының докторы және 20 жылдық тәжірибесі бар сарапшы нумеролог. Қазақстанда туып-өскен оның Мәскеуде тұрып жатқанына 15 жыл болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1715864-resejdi-oligarhtaryn-auzyna-karatkan-kazakstandyk-numerolog-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel