RU

63 жастағы кемпірге үйленді деп желіні шулатқан күйеу жігіт өз шындығын айтты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде "34 жастағы жігіт пен 63 жастағы кемпірдің үйлену тойы" деп тарап кеткен беташардан түсірілген видео бүкіл Қазнетті шулатқан еді. Үйлену тойының басты кейіпкері болып саналатын күйеу жігіт NUR.KZ порталына қалыңдығының кемпір емес екенін айтып берді.

Дүйсенов Қанат жұбайымен

Дүйсенов Қанат жұбайымен

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында тұратын Дүйсенов Қанат Нысанбекұлы 34 жаста. Отау құрғанына бір апта болмай жатып, елді дүрліктірген жігіт "Келіншегім кемпір емес, халыққа соны түсіндіріңдерші" деген өтінішін айтты.

"Келіншегімді сенбі күні Ақтаудан алып келген болатынмын. Ертеңіне демалыс күні бетін жауып, кәмпитін шашып, ырымын жасадық. Ол 63 жастағы кемпір емес. Менімен құрдас, 1983 жылғы келіншек. Оны желіге 64–те, тағы бір жерге 65 жастағы кемпір деп салған. Халық шулап кетті. Видео Атырауға, Оралға бәріне кетіп қалған. Телеканалдарға дейін шығарып жатты. Халықты қалай басуға болады? Кемпір дегендері ұят емес пе?", -дейді күйеу жігіт Қанат Дүйсенов.

Бұл Қанаттың екінші рет отбасын құруы. Бірінші некесінен бір баласы бар, ажырасып кеткен. «Жас жұбайлар» Қазақстанды шулатып жіберген беташардың видеосын өздері әлеуметтік желіден көріп шошып кеткен.

Дүйсенов Қанат жұбайымен

Дүйсенов Қанат жұбайымен

"Ол ақпараттың қалай шығып кеткенін түсіне алмай отырмыз. Көрші жігіт түсірген болу керек. Видеода біз тұратын жатақхана көрсетілген. Осылай елге тарап кетеміз деп ойлаған емеспіз. Қалай тарап кеткенін білмей қалдық. Жатақханадағы бір жігіт салып жіберген. Қалыңдығыммен әлеуметтік желі арқылы таныстым. Сегіз айдай сөйлесіп жүрдік. Бұл кісіні бұрыңғы жолдасы құлдықта ұстаған. Балаларын, өзін қосып сабаған. Өмірі қиын болған. Қорлыққа шыдай алмай, маған тұрмысқа шықты.
Ол негізі Ақтауға Қарақалпақстаннан көшіп келген қыз. Жолдасы ішімдікке салынып кеткен. Қазіргі уақытта жолдасы балаларын бермей жатыр. Мен ол балаларды бағуға дайынмын. Бала деген періште. Оның екі ұлы мен бір қызы бар. Менің өз балам әйелімнің тәрбиесінде. Мен бұл кісіні ұнатып қалдым", - дейді күйеу жігіт.

Беташар жасап елді шулатқан жас жұбайлар бақытты екендерін айтады.

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға, өзгертуге қатаң тыйым салынады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
63 жастағы кемпірге үйленді деп желіні шулатқан күйеу жігіт өз шындығын айтты (фото)
Mailfire view pixel