RU

Шық бермес Шығайбай: Жастар ақтөбелік кәсіпкерлердің сараң екенін айтты

Ақтөбелік жастар қарттар үйінде тұратын ата- әжелерге тағы да ерекше көңіл күй сыйлады. «Қайырымды жандар» тобын құрған жастар жүз қарияға дастархан жасап, көңілдерін аулауға арналған мерекелік шара ұйымдастырып берді.

«Қайырымды жандар» тобын құрған жастар жүз қарияға дастархан жасап, мерекелік шара ұйымдастырып берді
Шық бермес Шығайбай: Жастар ақтөбелік кәсіпкерлердің сараң екенін айтты: UGC
"Қайырымды жандар" тобын алғаш рет Алматы қаласында құрылды кейін Қазастанның барлық қалаларында қызығушылық танытқан жастар бастаманы іліп алып кетті. Мен өзім Алматы қаласынанмын. Ақтөбеге келін болып келгеннен кейін осы жақтан да бұл топты құруды ойладым. Қарияларға, жетім балаларға, мүгедектерге арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырамыз. Осы шараға жүзден аса билет сатып, қариялардың орнына ақша жинадық. Үйлерінде үлкен ата-әжелері бар адамдар билет алды", - дейді "Қайырымды жандар" тобының жетекшісі Әсем Жұмабаева.

Студенттер мен еңбек жолдарын енді бастаған жастар қайырымдылық шарасын билет сату арқылы ұйымдастырады. Жастар қайырымдылық шараларында кәсіпкерлердің сараңдық танытатынын айтып отыр.

"Менің байқағаным, қайырымдылық жасауды ақтөбеліктер әлі де түсінбейді. Ақтөбеліктер қайырымдылыққа қатты жақын емес секілді көрінеді. Көмек сұрап барғанымызда қолдау көрсететін адамдар жоқ емес, аз. Кәсіпкерлер көп көмек көрсете бермейді, негізінен қарапайым адамдар көп көмек көрсетеді. Ақтөбеге қайырымдылық шараларына белсенді атсалысу жетіспейтінін байқадым. Алматы қаласында ондай шаралар көп ұйымдастырылады", - дейді топ жетекшісі.

Жастар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған кезде түрлі қиындықтарға тап болып отырған. Мерекелік дастархан үшін кейде тиын санап кететіндерін де жасырған жоқ.

«Қайырымды жандар» тобын құрған жастар жүз қарияға дастархан жасап, мерекелік шара ұйымдастырып берді
«Қайырымды жандар» тобын құрған жастар жүз қарияға дастархан жасап, мерекелік шара ұйымдастырып берді: UGC
"Әр шарада әртүрлі қызықтар болады. Ақша жетпей қалады. Қайрымдылық шарасы болғаннан кейін әнші, өнер адамдарына тегін қызмет көрсетуді сұраймыз. Мүмкін олар да уақыттарының аздығынан болу керек келіскен уақытқа келмей қалып жатады. Ақша төлемегеннен кейін көп мән берілмейтін секілді. Шараның үстінде әнші іздеп кететін жағдайлар болады. Мейрамхананың ақшасын төлей алмай жатамыз. Бірақ, қандай қайырымдылық шарасы болмасын, соңғы сәтте жиын басталайын деп жатқанда қаржы табылып кетеді. Мүмкін ол Алланың қолдауы шығар. Шара басталып жатқанда ақша жиналған кездер болды", - дейді Әсем Жұмабаева.

Жастар мерекелі дастарханға қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықта тұрып жатқан 200-дей азаматты шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715895-syk-bermes-sygajbaj-zastar-aktbelik-ksipkerlerdi-sara-ekenin-ajtty.html