RU

Сапарбаев пәтер жағалап, көшіп жүрген кезіндерін еске алды (видео)

Қоныс тойын тойлап жатқан ақтөбеліктерді құттықтай келген Бердібек Сапарбаев өзінің жас кезін есіне алды. Әкім пәтер жағалап көшіп жүрген кезінде Алматының ескі үйлерінің бірінен үйлі болуды армандағанын да айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев пәтер жағалап, көшіп жүрген кезіндерін еске алды (видео)
Сапарбаев пәтер жағалап, көшіп жүрген кезіндерін еске алды (видео): UGC
"Әр адам үшін үлкен бақыттың бірі-өз пәтеріңнің болуы. Мына жағдай өзімнің алғаш үй алған сәтімді еске түсіріп тұр. Екі бөлмелі үй алған болатынбыз. Балабақшаға барсам, тәрбиешілер «Сіздер төрт бөлмелі үй алдыңыздар ма? деп сұрайды. «Жоқ, екі бөлмелі» деп айтып жатырмын. Олар қызыңыз төрт бөлмелі үй алдық деп айтты дейді. Бала ғой, асүйді, балконды бөлме деп есептеп жүрген. Ол үйді алу үшін бізге оңай болған. Оның үстіне олар жаңа үй де емес, біреудің босаған пәтері. Алматыда жүргенде ескі үйлерге қарап "Шіркін- ай, ең болмаса осы жерден бір үйің болса екен" деп ойлайтын едік. Өйткені пәтерде тұрасың, онда көшіп жүресің. Саған анау келеді, мынау келеді. Оны жақтырмайды. Сондықтан үйлеріңіз құтты болсын. Іші қуанышқа толсын", - деді Бердібек Сапарбаев.

Әкім елдің экономикалық жағдайының жақсарғанын айтып, қазақстандықтардың баспана мәселесінің жақын арада шешілетінін айтты.

"Соңғы кезде елімізде жүріп жатқан "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламалары қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге жұмыс жасап жатыр. Елбасы жолдауында алдамыздағы жылдары ең кем дегенде халқымыздың 1,5 миллион тұрғыны үй алу керек деп айтқан болатын. Біз әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған баспана салуды әріқарай жалғастырамыз. Егер біз жылына кем дегенде 4-5 үй салатын болсақ, біраз ақтөбеліктер баспаналы болады", - деді әкім.

Бүгін Ақтөбе қаласында мың жарымнан аса отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде 1374-і көпбала, жетім және мүгедекжандардың отбасына арналған баспана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1715931-saparbaev-pter-zagalap-ksip-zrgen-kezinderin-eske-aldy-video.html