Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова: Тек Қазақстанда ғана боқтық сөз айтып, шешіне аламын

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова елімізде өзінің денесін жалаңаштау мен боқтық айтудан қысылмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Айжан Байзақова. Фото: Instagram
Айжан Байзақова. Фото: Instagram: UGC
«Мен елден сыртқа шықсам, өте тұйық, момын қыз болып қаламын. Ал Қазақстан мені осындай жаман әдетке жетелеп тұрады», - деп жазды Байзақова Instagram парақшасында.

Бірақ, бұлай жасауына нақты не нәрсе итермелейтінін ашып айтпады.

Ал оқырмандары болса әдеттегідей негатив пікірлерді қарша боратты. «Шетелде бір жеріңе ие боласың ғой», «Себебі сен ол жақта ешкім емессің. Ал Қазақстанда жұлдызсың ғой», «Европада сенің ашық денең ешкімді қызықтырмайды» деп айтып тастады, Байзақованың оқырмандары.

Айта кетейік, Айжан Байзақова ашық-шашық киімдері мен ерсі сөздерінің арқасында танымал болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716150-bajzakova-tek-kazakstanda-gana-boktyk-sz-ajtyp-sesine-alamyn/

pixel