RU

11 жасар баланың қолына өсіп шыққан ұлу дәрігерлерді шошытты

Америкалық дәрігерлер су қоймаларының бірінде жарақат алған 11 жастағы баланың қолынан тірі теңіз ұлуын тауып алды деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

11 жасар баланың қолына өсіп шыққан ұлу дәрігерлерді шошытты
11 жасар баланың қолына өсіп шыққан ұлу дәрігерлерді шошытты: UGC

Бұл туралы калифорниялық ақ халаттылар BMJ Case Reports порталына хабарлаған.

Ұлу 11 жастағы баланың жарасында өсіп шыққан. Оны Лос-Анджелестегі педиатрлар бітеу жараны кескен кезде көрген.

Ұлудың бойы 4 миллиметрге дейін өсіп үлгеріпті.

Операциядан кейін жылаған балақайға дәрігерлер ұлуды өзіне қалдыруға рұқсат берген.

Алайда өзінің әдеттегі өмір сүру ортасынан айырылған теңіз жануары тек бір күн ғана өмір сүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716251-11-zasar-balany-kolyna-sip-sykkan-lu-drigerlerdi-sosytty.html