Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды асыраған әйел опық жеп қалды

Опубликовано:

Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды бауырына басқан келіншек опық жеп қалды. Жетім қалған балалардың туысы асыраушы әйелді "бауырымның қызын жындыханаға әдейі жатқызып, мемлекеттен берілетін жәрдемақыны өзі алып отыр" деп айыптады.

Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды асыраған әйел опық жеп қалды
Шымкентте туған әкесінен зорлық көрген балаларды асыраған әйел опық жеп қалды: UGC

Отбасындағы қайғылы жағдай осыдан тура жиырма жыл бұрын орын алған. Үйдегі отағасы әйелін ұрып соғып, балаларына жиі зәбір көрсететін болыпты. Күйеуінен оңбай таяқ жеген келіншек ауруханаға түскен кезде, төрт баланың тұңғышы- он екі жастағы жеткіншекті туған әкесі зорлап тастаған.

Қатты шошынып қалған қыз бала ауруханаға барып, болған жағдайдың барлығын анасына айтып береді. Мұнан соң, әкесі бірден қамауға алыныпты.

Отағасы ұсталған соң оның туыстары келіншектің үйін тартып алып, бала-шағасымен бірге көшеге қуып шыққан. Арада үш-төрт жыл өтіп, жалғызбасты ана жол апатынан қаза табады.

Ал дәл осы кезде ата-анасының қарауынсыз қалған төрт баланы Сарыағаш ауданының тұрғыны бауырына басып, асырап алған.

"1995 жылы төрт бала менің үйіме келіп, үш төрт күннен бері анасының жоқтығын, өздерінің аш екендерін айтты. Мен оларды үйге кірігізіп, аналарының жол көлік апатынан қайтыс болғанын анықтадым. Тұл жетім қалған жасөспірім төрт баланы Қызылорда облысындағы барлық ағайын туыстарына апардым.
Олардың ешқайсысы бауырларынан қалған ұл-қызды асырап алуға ниет білдірмеді. Кейін төртеуін де өзім асырап алуыма тура келді. Бұл кезде Қазақстанда тоқырау заман еді. Төрт баланы 1995 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін асырап бақтым. Ең тұңғыш қызы жүйке ауруына ұшырап, он жылдан аса уақыт диспансерлік есепте тұрады.
Екі жылдан бері балалардың әкесінің қарындасы пайда болып, мені мемлекеттен берілетін жәрдемақыға бола қыздарын әдейі жындыханаға жатқызған деп кінәләп отыр", - дейді жетімдерді баурына басқан әйел.

Араға жиырма жыл салып, азаматшаға кінә артып отырған туыстарының әрекеті асыраушы ананың жанына қатты батқан. Өйткені жалғызбасты әйел өзгенің балаларына өзінің туғанындай қарап, асырап баққанын айтады.

Асыранды төрт баланың әкесінің туған әпкесі жүйке аурулар диспансерінде есепте тұратын қызды екі жылдан бері қамқорлығына алғанын айтуда.

Материал ҚР құқықтық заңнамасына сәйкес қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716330-symkentte-tugan-kesinen-zorlyk-krgen-balalardy-asyragan-jel-opyk-zep-kaldy/

pixel