RU
Сынық қолымен жеңіске жеткен Галышева америкалықтарды таңғалдырды
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Сынық қолымен жеңіске жеткен Галышева америкалықтарды таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйлаған Юлия Галышева туралы маңызды ақпараттарды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Галышева сынған қолымен жеңіске жетіп, америкалықтарды таңғалдырды

Галышева сынған қолымен жеңіске жетіп, америкалықтарды таңғалдырды

1992 жылы Өскеменде дүниеге келген спортшы Халықаралық олимпиадаларда 13 жасынан бой көрсете бастапты.

Бұл жолғы жарыс Юлияның Ванкувер мен Сочиден кейінгі үшінші рет қатысып отырған олимпиадасы.

Оның осы күнге дейін жеткен жетістіктері де жетерлік.

Мәселен, Азиада-2011 мен Универсиада-2015 жарыстарында алтын медаль жеңіп алса, әлемдік чемпионаттар мен кубоктарда да Юлияның жолы болып, биік белестерді бағындырған.

Юлия Галышева бүгінде Қазақ спорт және туризм академиясының студенті.

Оның Пхенчхандағы олимпиадада қолындағы жарақатына қарамастан, Қазақстанға қола жүлде сыйлағаны америкалық ChicagoTribune.com. сайтының таңданысын туғызды.

"Қазақстандық Юлия Галышева өткен айда Ютада өткен жарыста қолын жарақаттап алған еді. Осыған қарамастан ол еліне қола медаль алып берді. Бұл Қазақстанның Кеңес Одағынан бөлініп шыққалы бері қысқы ойындарда жеңген сегізінші жүлдесі", - деп жазады басылым.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
2
20
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір