Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жан дүниесі таза адам": Сара Назарбаева 77 жасқа толды

Опубликовано:

12 ақпан күні Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева 77 жасқа толды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: etoday.ru
Фото: etoday.ru: UGC

Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды маңындағы Қызыл-Жар ауылында туған. 1962 жылы оқуын бітірген соң, Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шығады.

Елбасының жұбайы Дариға, Динара және Әлия есімді үш қыз тәрбиеледі.

Нұрсұлтан Әбішұлы болашақ жарымен алғашқы кездесуін былай деп сипаттайды.

"Сол жылдардағы менің өмірімдегі ең есте қаларлық сәт - болашақ жарым Сарамен кездесуім болды. Біз жұмыстағы апаттан соң домна пешінің жанында кездестік. Апатты жағдай орын алған кезде жұмысшылар ешқайда кетпей, барлығы өз қалпына келтірілгенше тәуліктің қай уақыты болса да сонда болуымыз керек еді.

Міне, сондай қолайсыз сәтте біз бір тәулікке жуық тік тұрып, әбден шаршағанбыз. Тек көзіміз бен тістеріміз ғана жылтырап көрінетін. Сара сол кезде шағын электростанцияда кезекші болып, біздегі пештің жағдайы қалай болып жатқанын білуге келген... Сонымен көп ұзамай біз үйлену тойын тойладық".

Фото: infoportal.kz
Фото: infoportal.kz: UGC

Сара Назарбаева өмірін жетім балаларға қамқорлық көрсетуге арнап, ""Бөбек" қайырымдылық қорын ашты. Балалармен жұмыстағы жетістіктері үшін ол әлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық Исхан Дограмачи премиясына, сондай-ақ БҰҰ балалар қорынының естелік медаліне, халықаралық марапаттарға лайық деп танылды.

Оның үлкен қызы Дариға мен қоғам қайраткері Бақыт Сыздықов Сара Алпысқызын өздерінің алғашқы ұстазы ретінде "жан дүниесі ғажайып таза, мейірімді адам" деп сипаттайды.

Фото: businessinsider.com
Фото: businessinsider.com: UGC

Бірінші ханымның туған күніне орай Қазақстан мектептері оқу күнін "Жүрек тіліндегі физика", "Адамгершілік грамматикасы" сияқты тақырыптарды үйренумен бастайы. Бағдарлама бойынша білім алушылар түрлі әлеуметтік рөлдерді, өмірлік стратегияларды меңгереді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716354-zan-dniesi-taza-adam-sara-nazarbaeva-77-zaska-toldy/

pixel