Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық әнші көп әйел алушылыққа қарсы шықты

Опубликовано:

Танымал әнші Дастан Оразбеков көп әйел алушылыққа қарсы екенін айтты. Екі перзент сыйлаған жарына деген құрметін жасырмайтын әнші екінші әйел деген ол үшін жат түсінік екенін жеткізді.

Дастан Оразбеков: Маған бір әйел де жетеді
Дастан Оразбеков: Маған бір әйел де жетеді: UGC

Бұл туралы әнші журналист Зарина Мүсілімге берген сұхбатында айтты. "Сөккен әңгіме" деп аталатын жаңа жобада ол өзінің әйеліне деген құрметін және көп әйел алған атасы туралы да айта кетті.

"Мен қарсымын. Бұл әр ер-азаматтың өзінің пікірі. Ал маған бір әйел де жетеді. Мен оның өзін әрең дегенде алып жүргенде, екінші әйелді қайтемін? Шындықтың бетіне тура қарау керек. Өмір бойы бір ғана әйелмен өмір сүру - бұл ерлік. Әйел адамдар үшін де солай. Бабаларымыз мүмкін сондай мықты болған шығар. Олар кең болған шығар. Бірақ, дегенмен де, қазіргі заманауи өмірді бір әйел жетеді деп ойлаймын", - деді ол.

Еске салсақ, жуырда Дастан Оразбеков сегіз жылдан кейін екінші рет әке атанған болатын. Оның жары Жанат дүниеге ұл әкеліп, әнші бүкіл елден сүйінші сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716357-tanymal-otandyk-nsi-kp-jel-alusylykka-karsy-sykty/

pixel