Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Ninety one» тобының миллион көрермені әншілерге сыйлығын табыстай алмады

Опубликовано:

«Ninety one» тобы уәде еткеніндей, барша иглзды жанына жинап, ақпан айында дүние есігін ашқан Зак, Әлем мен Баланың туған күнін атап өтті деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ninety one. Фото: gakku.kz
Ninety one. Фото: gakku.kz: UGC

Кью-поп өкілдері мен жанкүйерлері басын қосқан ерекше мерекеде ең алдымен құттықтау әні орындалған. Сүйікті тобындағы әншілерге жанкүйерлері сыйлықты сонау Америкадан тапсырыспен алдырыпты.

Иглздар шетелден алынған смартфон, тапсырыспен жасалған гитара, құлаққап, браслеттер және түрлі тәттілерді сыйға тартқан. Кеш барысында олар 91-ліктермен фотоға түсіп те үлгерген.

Ал, бұл шараға қатыса алмағандар еліміздің түпкір-түпкірінен құттықтау видеоларын жолдаса, келіп тұрып сыйлығын тапсыра алмағандар өзө өкініштерін білдірді. Ал «Ninety one» мен кездесу мүмкіндігіне ие болғандар қуаныштарын сөзбен жеткізе алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716428-ninety-tobyny-million-krermeni-nsilerge-syjlygyn-tabystaj-almady/

pixel