RU

Отандық әнші дәрігерлердің адам болмайды деген кезін айтып, көзіне жас алды

Бес жыл бойы аурухананың төсегіне таңылған Әбдіжаппар Әлқожа басынан өткен қиындығын айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды «Кездер-ай» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа. Скриншот: "Кездер-ай"
Әбдіжаппар Әлқожа. Скриншот: "Кездер-ай": UGC

Көршінің баласымен керісіп, басына тас тиген Әбдіжаппар Әлқожа бес жылын аурухана бөлмесінде өткізген. Дәрігерлердің «адам болмайды» деген сөзінен кейін де, әншіден әке-шешесі үміт үзбеген. Олар балаларын Қазақстанның, Қытайдың дәрігерлеріне емдетіп, тәуіп пен молданың алдын жағалаған. Миына қан қатып қалған әнші, қояншық ауруына шалдыққан екен.

«Әкем мен үшін бар байлығын сатты. Соңғы тиынын дейін санап берді. Соңында Ташкентте мықты дәрігер бар дегенді естіп, қолындағы барымен ата-анам сол жаққа барды. Түс ажырата алмайтынмын. Беліме салынған дәріден соң, «көзімді ашып, көке, сары түс» дегенімде әкем әйел дәрігердің көзінше жылап алыпты. Содан-соң мені палатаға жатқызып, ауылға барып картоп-пияз алып келіпті, дәрігерге рахмет айтуға. Қолымызда қалғаны сол еді», - деп әнші көзіне жас алды.

Сондай-ақ ол қазір қолында барын әкесі мен анасына беруге тырысатынын айтты. «Сол оқиғадан соң, Алла бақ берді ғой. Мен мінбеген көлікті солар мінсін. Мен жемегенді солар жесін», - деп барымды соларға тосуға тырысамын деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716453-otandyk-nsi-drigerlerdi-adam-bolmajdy-degen-kezin-ajtyp-kzine-zas-aldy.html