RU
Қысқы Олимпиадада Қазақстанды қолдауға барғандарды Корея кіргізбей жатыр
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Қысқы Олимпиадада Қазақстанды қолдауға барғандарды Корея кіргізбей жатыр

Расказать Вконтакте

Пхенчханда өтіп жатқан олимпиадада Қазақстан спортшыларын қолдауға барған отандастарымыз елге кіре алмай, Инчхон әуежайының жертөлесінде жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Жолаушылардың айтуларынша, олар екі күннен бері қолдарындағы 150-200 долларға алған олимпиада билеттерін ұстап, Пхенчхан әуежайының жертөлесінде жатыр.

Жүзге жуық отандасымыздың қолында құжаты, тапсырыс берген қонақ үйлері туралы барлық мәлімет болғанмен кедендегілер өткізбейміз деп шешіпті. Нақты себебін түсіндірмеген.

Қазір Сыртқы Істер министрлігі осы жағдай бойынша анықтау шараларына кірісіп кетті.

"Кореяға кіре алмаған Қазақстан азаматтарын шекарада паспорттық бақылау өткен кезде олимпиадаға жалған билеттерін көрсетіп, бара жатқан мақсаттарын дәлелдемеген. Оңтүстік Кореяның консулдық қызметінің мәліметіне сүйенсек, кіруден бас тартудың басты себептері шекарадан өтуден анық емес ақпаратты ұсыну. Мәлімделген ақпараттың нақты деректермен сәйкес келмеуі. Қолма қол ақшаның жетіспеушілігі мен қаирсы алушы адамның болмауы болып табылады", - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Енді Сыртқы істер министрлігі Кореяға барам дейтін азаматтарға нұсқаулықтармен танысуға кеңес береді. Оңтүстік Кореядағы отандық дипломаттар әуежайдағы жанкүйерлердің жағдайын бақылауда ұстаймыз дейді. Бірақ, олардың олипимпиаданы көру үшін ары өтетіне, я елге кері қайтатыны әзірге белгісіз.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
5
0
3
1
1
8
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір