RU
Олимпиада-2018: 12 ақпан Қазақстан спортшылары үшін қандай болды?
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Олимпиада-2018: 12 ақпан Қазақстан спортшылары үшін қандай болды?

Расказать Вконтакте

Пхенчхандағы олимпиаданың алтыншы күнінде Қазақстан спортшылары қоржынға жүлде сала алмады деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: nicstyle.ru

Фото: nicstyle.ru

Еске салсақ, ел спортшылары бүгін үш спорт түрінен жарысқа түскен болатын.

Биатлоншы Галина Вишневская ізге түсу биатлоны бойынша 20-орынға жайғасты.

Тағы бір биатлоншы Роман Еремин қарсыластарынан 5 минут 59.4 секундқа кейін қалып, 52 орынға тұрақтады.

Фристайлшылар Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд могулдан суперфиналға шыға алмады. Олар жетінші және сегізінші орындарды қанағат тұтты.

Колмаков 76.10 балл, Рейхерд — 58.64 балл жинады.

Коньки спортынан әйелдер арасында Екатерина Айдова 1500 метрді 18-орынмен аяқтады.

Ал Мария Григорова қатысатын жарыс ауа-райы қолайсыздығына байланысты 15 ақпанға шегерілді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір