RU

Баласының қазасынан кейін 300 мысыққа қамқор болған әке желіні шулатты

Нью-Йорк тұрғыны Крис Арсенолт баласының қазасынан кейін үйінде 300-ден астам мысық асырап, оларға қамқорлық танытып жүр. Тіпті, оларға барлық қажетті жағдайды жасап қойған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Кристің 24 жастағы ұлы жол апатына түсіп қайтыс болады. Қайғыдан қан жұтып жүрген азамат теміржол вокзалында ауру мысықтарды тауып алыпты.

Үй жануарларына қамқорлық танытып, жан жарасын емдегісі келген зейнеткер алғашында 30 мысықты асыраған екен.

Кейінірек мысықтардың санын көбейткісі келіп, қайырымдылық ұйымдарымен байланысқа шығады. Осылайша үйіне 300 мысықты алып келіп, оларға қарай бастаған.

58 жастағы азамат мысықтарға орын бөлемін деп, өзі тоғыз шаршы метрлік бөлмеде жуынып та, ұйықтап та, тамағын ішіп те күн көріп жүр.

"Мен күнде ауру мысықтарды емдеймін. Ол үшін түрлі қағаздарды пайдаланамын. Өзім үй жануарларын қатты жақсы көремін. Бала кезімнен қоян, күшік асырайтынмын", - дейді азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716544-balasyny-kazasynan-kejin-300-mysykka-kamkor-bolgan-ke-zelini-sulatty.html