RU
Елімізде жемқорды ұстап берген адамдарға қанша сыйақы төленеді?
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде жемқорды ұстап берген адамдарға қанша сыйақы төленеді?

Рассказать Вконтакте

Тұрғындар жемқорларды ұстап беріп, ақша табуда. Осы уақытқа дейін азаматтарға берілген сыйақы көлемі 31 миллионнан асқан деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Взятка. Фото: inform.kz

Взятка. Фото: inform.kz

Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро парақорларды ұстап берген әр азаматқа 70 пен 250 мың көлемінде сыйақы беріп жатыр.

Әрине, сенім телефонына хабарласқан адамның ақпараты рас болуы керек. Ол кейін расталғанымен ақша да бірден қолға ұстатылмайды. Қаржы азаматтарға үкім шыққан соң беріледі екен.

Бұл жайында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Салауат Мүксімов айтып берді. «Былтырғы жылы 226 адамға 31 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді», - деді ол өз сөзінде.

Елімізде 2016 жылы 2473 жемқорлық фактісі тіркелсе, 2017 жылы ол көбейген. Яғни 2933 парамен ұсталу оқиғасы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
3
1
4
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel