RU
Айыппұл төлегісі келмеген жүргізуші автобустың астына жатып алды
Жаңалықтар Әлемде

Айыппұл төлегісі келмеген жүргізуші автобустың астына жатып алды

Рассказать Вконтакте

Ташкентте бағдаршамнан өтіп кеткен көлік жүргізушісіне айыппұл салынған. Алайда «Nexia» жүргізушісі автобустың астына кіріп кетіп, құжаттарын қайтаруды өтінген деп хабарлайды nuz.uz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Патруль. Фото: Интернет

Патруль. Фото: Интернет

Өзбекстанның Ақсарай ауданында болған оқиға видеотаспаға жазылып қалған. Қазіргі уақытта желіге таралып кеткен видеода автобус астына кіріп кеткен көлік жүргізушісін, жол-көлік оқиғасын реттеушілер шығара алмай әлек болуда.

Бағдаршамның қызылынан өтіп кеткен көлікті тоқтатқан патрульдік қызметкерлерге кінәлі азамат оғаш қылықтар көрсеткен. Ол айқайлап, екі баласын асырау керектігін, айыппұл төлейтін қаржысы жоғын айтқан. Нәтижесінде азаматқа тек қана жол ережесін бұзғаны үшін емес, құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбағаны үшін де айыппұл төлейтін болады. Сондай-ақ 15 күн қамауға түсуі де мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel