RU
ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның қабірін ашуға жарты метр қалғанын айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның қабірін ашуға жарты метр қалғанын айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның зираты жарты метр тереңдікте ғана жатқанын айтып, оның жерленген орнын тапқандарын алға тартты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның зиратын тапқандарын айтуда

ОҚО-да ерлі-зайыптылар Шыңғыс ханның зиратын тапқандарын айтуда

Айта кетерлігі, аталмыш ерлі-зайыпты шамамен бір жыл бұрын да Шыңғыс ханның зиратын тапқандарын мәлімдеген болатын.

Өзін көріпкел ретінде таныстырған Гүлжанар Алтынбекова Шыңғыс ханның зираты қайда екенін білетінін алға тартып, ғалымдарды күтпестен күйеуімен әлгі орынды қазуға кіріскен. Әйел Шыңғыс ханның мәйітіне жету үшін тек 30 сантиметр жерді қазу қалғанын айтуда.

"Қазір бабамыз мәрмәр таста жатыр. Жанында екі жағылған шам мен зиратын күзетіп отырған жылан және қамшы мен таспиқ бар", - дейді Гүлжанар Алтынбекова.

Ерлі-зайыптылардың аталмыш зиратты қазып жатқанына екі жылдың жүзі болған. Сол арада олар талай тылсым дүниеге тап болғандарына сендірді.

"Біз аталмыш аймақта батпаққа жазылған жазбаларды таптық. Онда "ата-бабамыз Шыңыс хан" деп жазылып тұрды", - дейді Сман Өтеген.

Ал Шыңғыс ханның зираты табылғанына сенімді өзге тұрғын Махметкәрім Шанасов жазбада ханның есімі қазақша әріптермен жазылғанын есіне алды.

Еске салсақ, бұған дейін де Шыңғыс ханның зиратын тапқанына сенімді болған Гүлжанар 13 метр тереңдікке баратын шұңқыр қаздыртып, ешқандай зират таппаған болатын.

Алайда тарихшылар мен ғалымдар ерлі-зайыптылардың тұжырымына сенуге асығар емес. Олар белгісіз аймақты жөн-жосықсыз қазу қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
16
12
4
1
24
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel