Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына жұлдыздар қалай қарайды?

Опубликовано:

Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары мен өзге ұлттан келін түсірген отбасылар саны жылдан-жылға артып келеді. Осы орайда ел алдында жүрген өнер иелерінің аралас некеге деген көзқарасын білдік деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Еліміздің заңына қайшы болғанымен көшеде өзге ұлттың жігітімен қол ұстасқан қыз көрсе, балағаттап, қол жұмсап жатқан азаматтарымыз да табылды. Қоғамды ослыай тәрбиелегісі келетін азаматтар бар. Ал, ел алдында жүрген азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың бұл жайтқа көзқарасы қандай екен?

Өмірқұл Айниязов. Фото:oinet.kz
Өмірқұл Айниязов. Фото:oinet.kz: UGC

Әнші Өмірқұл Айниязов әр қазақ қызының қазақ жігіттің қолынан ұстағанын қалайды екен.

«Бірақ қыздарымыздың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқанын айтпастан бұрын қазақ жігіттерінің жағдайына көңіл бөлгеніміз дұрыс шығар?! Оның үйлі, қалталы, намысшыл болуы қажет. Бұл мемлекет саясатының үлесінде. Сонда бәлкім, қарагөз қарындастарымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстауы азаяды. Ал, «сен неге өзге ұлтына тидің?» деп қыздың намысына тию сананың таяздығы. Кейбір қазақ жігітінің видеоға түсіріп, ұрысуын дұрыс деп айта алмаймын. Ол өзінің мәдениетсіздігін көрсетеді. Неге десеңіз, қыздың шетел азаматымен көңіл қосуына біз де кінәліміз. Өйткені заңымыз әлсіз, шетел азаматы елімізге келіп білгенін істейді. Басқа мемлекеттерде сол елдің қызын алу үшін үлкен қаржы төлеу керек екенін естимін. Ал бізде қыз алуда еш салық қойылмаған. Керісінше, шетелдіктің азаматтық алуына жағдай жасалған», - деді әнші. Ол қазақ қыздарына емес, заң мен осалдық танытатын жігіттерге өкпесін айтты.
Қарақат Әбілдина. Фото: tengrinews.kz
Қарақат Әбілдина. Фото: tengrinews.kz: UGC

Төрт ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған Қарақат Әбілдина өзге ұлт деген сөзге мүлде қарсы екен. Әншінің айтуынша қыз кеткен соң байбалам салмай, жастайынан санасына құйған абзалырақ.

«Ешкімнің көңіліне, жеке басына сөз келтіргім келмейді. Бұл менің жеке пікірім. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ана ретінде бұл мәселенің маңызы зор. Әрбір ата-ана мұндайға бей-жай қарайды деп ойламаймын. Өз басым қызымның болашақта басқа ұлттың азаматына, ұлымның өзге елдің қызын алуына жол бермеймін. Сезімдері алаулап тұрса да ондай некені құптамайтын едім. Өйткені кейін уақыт өте келе олардың әйтеуір түсінетінін білемін. Сол себептен де балаларыма «Ұлтымыздың тәрбиесін бойына сіңіріп өскен, қазақы жерден шыққан қыз ал» деп айтып отырамын. Ертеңгі күні аралас некеден туған баланы не қазақ па, не басқа ма ажырата алмай отырасың. Өз қазақ тілін білмесе, осы тілде ойламаса ол баласын болашақта қалай «қазақ» етіп тәрбиелейді? Бұл жерде қан тазалығы, тіл, дін, дәстүр жатыр», - дейді әнші.
Cейфуллин Жолбарыс. Фото: vkmusic.kz
Cейфуллин Жолбарыс. Фото: vkmusic.kz: UGC

Ал екінші әйелін орыс ұлтынан алған Сейфуллин Жолбарыс маңдайға жазғаны болады деген пікірде.

«Қазақ қыздары өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатыр екен» деп араласу еркектікке жатпайды. Бірақ, қыздарымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстағанын құптамаймын, әркімде таңдау құқығы бар, кім кімге үйленсе де өзі біледі емес пе?! Сондықтан, «өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың» деп оны қорлап, намысына тию дұрыс емес”, - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Сондай-ақ ол, қыз өсіріп отырғандықтан, олардың болашағы үшін алаңдайтынын да айтты. Ал әншінің әйелі Екатернина Лилуя қазақша сөйлейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1716599-kazak-kyzdaryny-zge-ltka-trmyska-syguyna-zldyzdar-kalaj-karajdy/

pixel