RU
Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана егіле жылады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана егіле жылады (фото)

Рассказать Вконтакте

Көкшетаулық Шолпан Қожахметова қатерлі дертке шалдыққан баласына күрделі ота жасату үшін ақша таппай, жанұшырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

Көкшетаулық Алдияр Қожахметовтың жасы небәрі – 13-те. Алғашында, аяғының болмашы ауырғанына бәса мән бермеген жеткіншек, кейін дертінің тым асқанып кеткенін кеш білген.

«Былтыр жаз айында доп ойнап жүргенінде, аяғының сыздап тұратынын айтып, емханаға барып қаралған едік. Ондағылар «ойнап жүріп, жарақаттап алған» деген диагноз қойып, бізді шығарып салды. Сосын, біршама уақыт өткен соң, бір аяғында аздаған ісік пайда болып, біз тағы облыстық ауруханаға бардық. Ондағы дәрігерлер гемотома деп, арнайы жақпа май берді. Бірақ, онымен қанша емдесек те, баламның аяғындағы ісіктің беті қайтпады, керісінше, үлкейіп, Алдияр тіпті, аяғын баса алмайтын күйге жетті. Содан УЗИ-ге түсіріп, онда ісік барын білдік. Дәрігерлер бізді бірден Астанаға жолдады»,-деп оқиғаны баяндап берді Алдиярдың анасы Шолпан Қожахметова.

Астаналық мамандар, жасөспірімге «остеогендік саркома» диагнозын қойып, оны дереу «Ана мен бала» орталығының онкология бөліміне жатқызады.

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

«Дәрігеріміз Бауыржан Қылышбекұлына алғысым шексіз, Алла жіберген маман десем артық айтпаспын. Сол кісінің жетекшілік етуімен, химиялық терапиядан өттік, бірақ сүйектегі ісік кішіреймеді, керісінше, үлкейе түсті. Сосын, сол кісінің кеңесімен Германия клиникаларына хат жолдай бастадық. Сөйтіп, Мюнхен қаласындағы клиникалардың бірінен бізге жауап келді, сонда аттандық. Неміс дәрігерлері дерттің асқынып бара жатқандығын айтып, Алдиярдың аяғына дереу ампутация жасау қажет деген шешімге келді. Отаны екі рет жасап, химиялық терапия ала бастадық. Бірақ КТ, МРТ жасатқанымызда, баламның екі өкпесінде де метастазалардың бар екені белгілі болды»,-деп егіле жылады жеткіншектің анасы.

Қазір, Алдиярдың қос өкпесіне күрделі ота жасау үшін, 174 мың еуро көлеміндегі қаражат қажет. Амалы таусылған ана, көпшіліктің көмегіне зәру.

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

Қатерлі дертке ұшыраған баласына ота жасауға ақша таппаған ана, егіле жылады

«Онкологтар екі өкпесіне жеке-жеке ота жасаймыз деп отыр. Себебі, екеуіне бірдей жасаса, баланың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Ота мен химиялық терапияға қазір бізге 174 мың еуродай қаражат керек. Бұған дейін көмек көрсеткен туған-туыс, көршілер мен достарымыз, Алдияр оқитын Көкшетау қаласындағы №1 мектеп оқушыларына, баршаларыңызға алғысым шексіз. Ота мен химиялық терапияны жалғастыру үшін, барлық отандастарымыздан көмек сұраймыз»,-деп көзіне жас алды Шолпан Қожахметова.

Алдияр Қожахметовке көмек қолын созамын деушілер келесі шоттарға ақша аудара алады:

Qazkom: 5522 0433 6095 9645, Halyk Bank: 4390 8782 5677 7615

Zholpan Kozhaxmetova ИИН: 720818450416

Ardak Kozhaxmetov ИИН: 710308302158 Sberbank: 4263 4334 8761 1995 Kaspi Gold: 5169 4931 7994 6069

Киви әмиян: 8 777 544 0275 Есепшот номері: KZ4292615014D611003

Телефон номерлері: Қожахмет Ардақ (әкесі): 8 777 544 0275 Олжас Сауғымбаев (ағасы): 8 778 257 22 07

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
14
2
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel