RU
Ғалымдар ажырасу мен көзге шөп салудың себебін анықтады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар ажырасу мен көзге шөп салудың себебін анықтады

Рассказать Вконтакте

Флорида университетінің психологтары жаңа үйленген ерлі-зайыптылардың алғашқы төрт жылдағы отбасылық өмірлеріне болжам жасады, деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.

Фото интернет желіден алынды.

Зерттеушілердің айтуынша, АҚШ-та әрбір екінші жанұя үйленгеннен кейін бір-екі жылдан соң-ақ отбасылық қиындықтарға тап болады екен.

Мұндай ажырасудың себебін анықтау үшін ғалымдар үш жарым жыл бойы 300 жас отбасының жанұялық өмірлері қаншалықты нығая түскенін қадағалаған.

Зерттеу қорытындысы бойынша, жігіттер мен қыздардың жартысы ажырасқан, ал қалған жартысы ақ некеге адалдығын бұзғандықтан айырылысуларына бір қадам қалған.

Сондай-ақ ғалымдар тартымды ерлер мен әйелдердің фотосуреттерін көрсеткен. Бейтаныс адамдардың суреттеріне ұзақ уақыт қарап отырған олар бөтен адамдардың фотосуреттеріне көп назар аудармаған.

Жас жұбайларға ұсынылған бейтаныс адамдардың фотосуреттері арқылы ғалымдар отбасының ыдырау ықтималдығын анықтайды.

Нәтижесінде мынадай қорытынды жасайды: бұл фотосуреттер жас жұбайларға қарағанда әлдеқайда әдемі болғандықтан, жұбайлар бір-бірінің көзіне жиі шөп салады.

Сонымен қатар, зерттеушілер адамдар көбінесе өздерінің немен айналысып жүргенін және неліктен олай жасап жатқанын түсінбейтіндіктерін айтады.

Мұндай процестер адамнан ешқандай күш жұмсауды талап етпейді және ол биологияға немесе кейбір балалық комплекстеріне әсер етуі мүмкін, - деп түсіндіреді психолог мамандар.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
3
1
4
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір