RU

Өз сәбиін "жын періге" теңеп, өлтіріп тастаған әйел жаға ұстатты

Мексикада 26 жастағы әйел өзінің сегіз айлық сәбиін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Оның үйінен соққыға жығылып, қара түсті боямен бояп тастаған бала денесі табылды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Бұдан бөлек, үй ішінен жөн-жоралғы өткізуге арналған шамдар, адамның бас сүйегі, мен жын перінің мүсіншесі табылған. Ал сәбидің өлі денесі басқа бөлмеде жатқан екен.

Летисия есімді әйел баласын Вельзевул (христиан дінінде "теріс рух" дегенді білдіреді) деп атаған. Ал оның әкесімен қарым-қатынасын тоқтатып, сәбиді мүлдем көрсетпей қояды. Осыдан күдіктенген азамат полицияға хабар беріп, баласының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары Летисияның үйіне келіп жеткенде әйел сәбидің қайда екенін білмейтінін айтады. Тексеру барысында үйде қан төгілгенін анықтап, артынша баланы да тауып алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716633-z-sbiin-zyn-perige-teep-ltirip-tastagan-jel-zaga-statty.html