Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бір үйдің бес баласы тұл жетім қалды

Опубликовано:

Шымкентте бір үйдің бес баласы бір-ақ күнде тұл жетім қалды деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкент. Фото: otyrar.kz
Шымкент. Фото: otyrar.kz: UGC

Әлеуметтік тұрмысы ауыр отбасыға әкімдік үш бөлмелі уақытша баспана берген болатын. Бірақ ауыр дертпен күресіп, ауруханада жатқана аналары бұл қуанышты көре алмай, көз жұмған.

Бес бала қазір әжелерімен тұрып жатыр.Бұл туралы аталған отбасыға көмектескен шымкенттік еріктілер Instagram әлеуметтік желісіне жазды.

Бес баланың әкесі жаңа жыл қарсаңында жол апатынан қайтыс болған. Әйелі лейкемия дертіне шалдыққан соң, ол қосымша ақша табу үшін Атырауға жұмысқа аттаныпты. 27 желтоқсан күні отбасына келе жатқан азамат жол апатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Ал кеше 12-і ақпан күні отбасына тағы да қара бұлт төнді. Олардың аналары аурухана төсегінде, ауыр дерттен көз жұмды.

Айта кетейік, балалар әлі күнге дейін басқа да көмектерге мұқтаж екен. Оларға киім мен ас-ауқат қажет. Ал, әкімдік қызметкерлері болса бес балаға пәтер берілмейінше оларды жатақханадан шығармайтындарын айтты. Дегенмен, пәтер кезегінде балалардың анасы тұрған екен. Енді ол қайтыс болғаннан кейін кезек кімнің атына жазылатыны әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716653-symkentte-bir-jdi-bes-balasy-tl-zetim-kaldy/

pixel