RU

Танымал косметика дүкені қазақстандық ерлі-зайыптыларды ажырастыра жаздады

Қазақстанда әйелдердің ұялы телефонына келген "күдікті SMS хаттардан" соң, олардың күйеуі "жұбайым біреумен кездесіп жүр ме?" деген ойға келген. Ал шын мәнінде хабарламаны косметика дүкені таратқан екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: camad.ru
Көрнекі фото: camad.ru: UGC

9 ақпан күні косметика дүкенінің қызметкерлері "Әулие Валентин" күніне орай ұйымдастырған жеңілдіктерінен халықты хабардар ету мақсатында SMS жолдаған.

Онда: "Сенің махаббатың сыйлық дайындап қойды! Дүкеннен алып кет...", -деп жазылған екен.

Осыдан кейін кей әйелдер шынында дүкенге сыйлығын іздеп барса, ал кейбірі соның кесірінен күйеуімен ара-қатынас мәселелерін анықтапты.

Дүкеннің сату бойынша менеджері Еленаның айтуынша, косметика алуға келушілер саны бірден артыпты. Алайда келушілер арасында дүкен қызметкерлеріне ашуланған әйелдер де кездескен екен. Себебі күдіктеніп, ашуға булыққан жұбайлары тіпті, қол көтеруге дейін барған.

Жарнамалық хабарламаны алғандар оны түрлі көңілмен қабылдаған. Мәселен, тұрақты сатып алушылардың бірі күйеуінің қайтыс болған күнінде сыйлық туралы хатты оқып, көңілі мүлдем түсіп кетіпті.

Ал ер азаматтар сыйлық туралы біле сала дүкенге хабарласқан. Алайда оған ақша төлеу керектігін естігенде балағат сөздер айтып, тұтқаны қоя салады екен.

"Аталмыш маркетингтік акцияны жасау арқылы ғашықтар мерекесі қарсаңында адамдардың көңіл-күйін көтергіміз келген еді. Бірақ оның салдары осылай болады деп ойламадық. Отбасында ұрсы-керіс шығып, қолайсыз жағдай туындаған жандардан кешірім сұраймыз", - дейді Елена Петкилева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716664-tanymal-kosmetika-dkeni-kazakstandyk-erli-zajyptylardy-azyrastyra-zazdady.html