RU

Темекіні тастай алмаған жігіт өз басын темір торға қамап тастады

Түркияда Ибрагим Юцелдің темекіге әуестенгеніне 26 жылдың жүзі болған. Ер адам жаман әдетінен арылу үшін амалсыз өз басын темір торға қамап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Темекіні тастай алмаған жігіт басын темір торға қамап тастады. Фото: deadbees.net
Темекіні тастай алмаған жігіт басын темір торға қамап тастады. Фото: deadbees.net: UGC

Ибрагим күніне екі қорап темекі шегіп тастайды. Бұл оның денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ақыры амалы қалмаған азамат күн ұзаққа басын темір торға қамап жүруге бел буады. Ибрагим темірді тек жатарда және тамақтанарда шешеді.

Жұмысқа кетерде Ибрагим темір тордың кілтін әйеліне немесе қызына табыстайды. Ер адам мұндай қадамға әкесінің қазасынан кейін барған.

Белгілі болғандай, оның әкесі шамадан тыс темекі шеккеннен көз жұмған екен. Ибрагим кілтпен торды өзі аша алмауы үшін, тіпті өз қолын зақымдап тастапты. Салдарынан оның қолы кілт түгілі темекіні ұстауға келмейтіндей күйге түскен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716672-temekini-tastaj-almagan-zigit-z-basyn-temir-torga-kamap-tastady.html