RU
Юлия Галышева: Қола медальді қалай алғанымды өзім де байқамай қалдым
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Юлия Галышева: Қола медальді қалай алғанымды өзім де байқамай қалдым

Расказать Вконтакте

Фристайлдың могул түрінен Пхенчандағы қысқы Олимпиадада қола медаь иеленген Юлия Галышева ақтық мәреге аяғының бауын байламай шығып кеткен. Бұл туралы ол NUR.KZ порталына берген сұқбатында айтты.

Қола медаль алған Галышева аяғының бауын байламастан сайысқа түскенін есіне алды

Қола медаль алған Галышева аяғының бауын байламастан сайысқа түскенін есіне алды

Олимпиада жүлдегері үздік алты спортшы қатарында келе жатып, қалай үшінші орынға шыққанын өзі де білмей қалғанын айтады.

"Мен үздік алтылыққа енем бе, енбеймін деп ойлағанмын. Оның өзіне кірмей қалуым мүмкін еді. Жетінші болып қаламын деп қорықтым. Себебі, үздік алтылыққа енбей, жетінші болып қалғаннан гөрі, сегізінші келгенің дұрыс. Әйтпесе жаның жай таппайды ғой.

Мен ақтық финалға өтпеймін дей ойладым. Себебі жалпы медальдік есепте менен де алда тұрған қыздар болған. Бірінші, екінші, үшінші нөмірлі қыздар алда келе жатқан.

Қатты қуандым әрине, канадалық қыз екеуіміз сөре сызығына ең соңғы болып келдік. Тіпті екі минутқа кешіктік. Себебі, бірінші айналымнан соң аяқ-киімімді шешіп отырғам. Демалып, күш жинап, жинақталып үлгерместен, бізді ойда-жоқта келесі айналымға шақырды.

Өте қиын болды. Тіпті сайыс алаңына аяқ-киімімнің бауын байламай шығып кеткен екенмін. Оны жарыстың жарты жолына келгенде ғана түсіндім", - дейді Галышева.

Елге қола медаль алып беріп, қазақстандықтарды қуантқан спортшы қыз өзі жоспарлаған мақсатқа жете алғанына дән риза екенін айтты.

"Өз жоспарымды, бағдарламамды орындағаныма қуаныштымын. Бірінші болып келе жатқан канадалық спортшы, мәселен, туды айналып өтем деп, ойыннан шеттетіліп қалды. Ол өте өрескел қате жіберіп, алтыншы орынға бір-ақ түсті.
Өте өкінішті, бірақ бұл спорт қой. Әркімнің ішкі толқынысы болады, кейбіреудің қателіктері болады. Бұл оның қатысып отырған алғашқы Олимпиадасы. Сондықтан болар", - дейді Юлия.

Сонымен бірге, ол елде тақымын қысып, қызы үшін алаңдап отырған ата-анасының да қатты қуанғанын жеткізді.

"Ата-анам қатты қуанды. Үйге бірнеше телеарнадан келіп, осыған дейін қандай жетістіктерге жеткенім туралы сюжет түсіріп кетіпті. Олар да қобалжып, қуанып жатыр. Құттықтап жатқандардың санында шек жоқ екен", - деген Олимпиада жүлдегері медаль алғанда қандай күйде болғанын да жасырмады.

"Әрине қатты толқыдым. Пъедестальға шығып, өз еліңнің туы көтерілген сәт ғажап қой. Бақытты күй кештім. Өте керемет", - деп өз эмоциясын бөлісті ол.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
1
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір