RU
Ұлынан айырылған зейнеткер үйін 300 мысықтың баспанасына айналдырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Ұлынан айырылған зейнеткер үйін 300 мысықтың баспанасына айналдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк штатындағы Медфорд қаласының тұрғыны өз үйін мысықтар баспанасына айналдырған, деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қазіргі таңда зейнеткердің үйінде 300-ге жуық мысық бар.

Және мысықтардың бөлмесінде арнайы ағаштан жасалған бақандар, ал аулада оларға арналған құдықтар мен торлар орнатылған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мұндай жағдайға кейуананы өмірінде орын алған қайғылы оқиға итермелеген. Зейнеткердің ұлы 24 жасында мотоциклге соғысып, қайтыс болады.

Ұлдарының қазасынан кейін кейін пойызда жолсерік боп жұмыс істейтін күйеуі теміржол бекетінен бірнеше әлсіз мысықтарды тауып алған.

«Ол жерде 30-ға жуық марғаулар болды. Олардың барлығы дерлік ауру. Егер мен оларды тастап кетсем, олар өліп қалар еді. Сондықтан мен оларды үйге алып келдім. Мен жануарларды өте қатты жақсы көремін. Кішкентай кезімде менің кішкентай қояндарым, итім және саршұнақтарым болған», – дейді қария.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Осыдан кейін қария көмекке мұқтаж мысықтарға қамқорлық жасайтын арнайы қайырымдылық ұйымдарына хабарласып, тағы бірнеше мысық асырап алады.

2016 жылы қос қария тек қана мысықтардың қажеттілігі үшін 101 мың доллар ақша жұмсаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
3
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel