RU
71 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан Қазақстан тумасы қаза тапты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

71 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан Қазақстан тумасы қаза тапты (фото)

Рассказать Вконтакте

Мәскеу түбінде орын алған ұшақ апатынан ОҚО-ның тумасы Сергей Панченко қаза тапты деп хабарлайды Норильск қаласының ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сергей Панченко. Фото: otyrar.kz

Сергей Панченко. Фото: otyrar.kz

Қайтыс болған азаматтың артында екі баласы мен жары қалды.

Қалалық билік Норильск қалалық кеңесінің депутаты болғаннан өзге көптеген лауазымды қызметтер атқарған Панченконың қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты.

Әріптестері Сергей Панченконы белсенді азаматтық ұстанымы мен тамаша ұйымдастырушылық қасиеттерімен қоса, мейірімді әрі сезімтал адам ретінде сипаттайды.

Панченко Сергей Николаевич оңтүстік Қазақстан өңірінің Ақсу ауылында туған (28.03.1973), балалық шағы да сонда өтеді. Мектеп бітіргеннен кейін ол Ресейге оқуға түседі.

Омбы мемлекеттік техникалық университетінің инженер-технолог мамандығы (1996) бойынша білім алады.

Кейінірек 2009 жылы Ұлттық зерттеу университетін «Экономика жоғары мектебі» мамандығы бойынша тәмамдап, MBA және DBA дәрежесін алды.

1996 жылы университетті аяқтаған соң Норильск қаласына көшіп, механик, инженер-механик, баспаның бас инженері болып жұмыс істеді.

2007 жылы «Northern City» медиа компаниясы» қоғамдық бірлестігіне ауысып, директордың орынбасары қызметін атқарды. Бір жылдан кейін осы ұйымның бас директоры болып тағайындалды.

2017 жылы ол Норильск даму агенттігінің президенті болды.

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің қалалық департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі болды. Президенттік гранттар қорының және «Норильск никель» MMC қайырымдылық ұйымының «жаңа мүмкіндіктер әлемі» қызметіне қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпан күні Мәскеу түбінде «Ан-148» ұшағы құлап, 71 адамның өмірін қиған қайғылы жағдай орын алған болатын.

Ұшақ апатында Орынбор облысының тұрғыны, қазақ Тамерлан Ақназаров қайтыс болды.

Және қайтыс болғандардың арасында 1988 жылы туған Қызылорда облысының тумасы да бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
8
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel