Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт қалыңдығын зорлап тастады

Опубликовано:

Бакудің Сураханский ауданында үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт 16 жастағы қызды зорлап тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт қалыңдығын зорлап тастады. Көрнекі фото: ru.oxu.az
Үйлену тойына дейін шыдамаған күйеу жігіт қалыңдығын зорлап тастады. Көрнекі фото: ru.oxu.az: UGC

Полицияға зорлық туралы қыздың 40 жастағы анасы хабар берген. Әйелдің сөзіне сенсек, жаңа жыл кешінде үйіне қонаққа келген 1996 жылғы күйеу жігіт оның 2002 жылғы қызын зорлап тастаған.

Ер адам болашақ жарын зорламас бұрын оған психотроптық дәрі берген екен. Салдарынан қылмыстың орын алғаны тек бір жарым айдан кейін белгілі болады.

16 жастағы қыз зорланғаннан кейін жүкті болып қалып, шындықтың беті ашылған. Күйеу жігіт әзірге қамауға алынбады. Полиция тергеу жүргізуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1716704-jlenu-tojyna-dejin-sydamagan-kjeu-zigit-kalydygyn-zorlap-tastady/

pixel